Астанадағы перзентханада екі әйел көз жұмды
2018 ж. 26 маусым
2402
0
Астанада №1 перинаталдық орталықта босанған екі әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №1 перинаталдық орталықта босанған екі әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
«Оқиғалардың болғанын растаймын. Олардың неден қайтыс болғаны және басқа да ақпараттар қызметтік тергеуден және сараптама комиссиясының қорытындысынан кейін жарияланатын болады», - деді басқармада агенттік сауалына.