Еліміздегі емханаларда тұрғындардың медициналық картасы болмайды
2018 ж. 23 маусым
2748
0
Ендігі еліміздегі емханаларда тұрғындардың медициналық картасы болмайды. ҚР денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік медициналық мекемелерде медициналық карталарды электрондық форматқа ауыстырып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бүгінгі таңда аталған пилоттық жоба Қазақстанның 8 өңірінде іске асырылуда. Бұл дегеніміз ендігі дәрігерлердің құшақ-құшақ қағаз арқалап жүрмейтінін аңғартады.
Ал Астана, Алматы қалаларындағы және еліміздің өзге де облыстарындағы емханалар мен стационарлар 1 шілдеден бастап жаңа жүйеге ауысады деп жоспарланып отыр.
«Тегін мемлекеттік медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар тіркеу мен науқасты қарау шараларын тек ақпараттық жүйе арқылы жүргізетін болады. Емделушілерге амбулаториялық картасы мен флюрографиялық суретін алып жүрудің қажеті жоқ. Жеке құжаты болса жеткілікті», – дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.