Менингиттен көз жұмған балақайдың анасы ащы шындықты айтты
2018 ж. 04 маусым
9203
1
Алматылық Аида Ахметова менингококк инфекциясынан көз жұмған бес жастағы ұлы мен 19 жастағы келіні жайында айтып берді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға маусымның 1-нен 2-не қараған түні тіркелген. Дәрігерлер баланың өлімін 2-маусымда сағат 02:00-де тіркеген.
Ал 3-маусымда таңғы 09:00-де баланың туыстары келіндерінің көз жұмғанын естіген. Ахметованың сөзінше, біраз уақыт бұрын ол күйеуімен бірге қаладан облысқа көшкен. Отбасы Табаксовхоз ауылынан жер телімін сатып алған, алайда, әлі құжатын толық бітіре алмапты. Сондықтан баланы қаладағы балабақшаға апарған.
Бала Айда Ахметованың ата-анасының қолында Думан ықшамауданында тұрған. Сол үйде Аиданың інісі тұрады, ол таяуда 19 жастағы Айжан Наурызбаеваға үйленбек болған екен.
«Мен инфекциялық аурухананың қызметкерлеріне ризамын. Олар соңына дейін арпалысты. Мен ұлым ауырып жатқан үйге жедел жәрдем шақыртқанмын. Олар Табаксохозға жылдам келді, бірақ, қалаға апармаймыз, облыстағыларды Талғар ауруханасына жатқызу туралы бұйрық бар деді. Оларға қоңырау шала алмадық, инфекциялық ауруханалары бар ма білуге.
Күтіп отыра алмадым, баланы алып, қалаға кеттім, сол жерде жедел жәрдем шақырдым. Жақсы фельдшер жолықты, ауруханаға тез жеткенімен, көлікте 30 минуттай жаттық, өйткені 12-ші ауруханада бос орын болмады. Осы 30 минутта тоғыз баланы алып келгенін көрдім. Балаларын өздері алып келген ата-аналар бар. Кезек сұмдық болды.
Айданың балалары: үш жасар Айша мен бес жастағы Дінмұхаммедті 10 минут қарады да жансақтау бөліміне жатқызды. Болды. Бір періштемізден айырылып қалдық. Қайғыдамыз. Бар болғаны бес жаста еді. Осы уақытта анам келініміздің кеше ауырып қалғанын айтты. Бірден оған қоңырау шалдық — шамамен таңғы 05.30-06.00-да. Ол өзін Талғардан Қаскелеңге жедел жәрдеммен алып кетіп бара жатқанын айтты. Қызуы қатты көтеріліпті.
Телефонды фельдшерге беруді сұрадым. Сөйлесіп, жақын маңдағы инфекциялық ауруханаға жеткізуін сұрадым. Қаскелеңге дейін шыдамайтынын, ұлымнан бір сағатта айырылып қалғанымды айттым.
«Үлгермейсіңдер, тағы бір адамнан айырылғымыз келмейді», — дедім мен.
Фельдшер бізді облыста тұратынымызды, ал ең жақын аурухана Қаскелеңде екенін айтты.
Ойлаңызшы Талғардан Қаскелеңге, кемі екі сағат. Біз одан да айырылып қалдық, бір отбасынан екі адам. 19 жастағы Айжан Наурызбаева.
Қазақстанның барлық азаматтарына айтатыным!
XXI ғасырда адамдар қалайша індеттен көз жұмады? Неге ұйымдарды карантинге жаппайды? Алдын ала тексеруге болмас па еді?
Вакцина қайда, неге оның құны — 22 мың теңге? Барлығының оған қолы жете ме? Бірнеше баласы бар, ал табысы 60 мың теңге ғана отбасылар не істемек?
Бір елде тұрып, аудандарға бөлінеміз, сұмдық-ай! Бір ел емеспіз бе, бірақ, Талғарда тіркеуде тұрғандарды емдей алмаймыз!
Қазақстан халқына өтінішім, осы мәселені көтеру керек! Қазақстанның барлық тұрғындарынан, сайттар мен телефондарды беріп, осындай дертке шалдыққандарға қатысты бассыздық болып жатқанын бәрі білсе екен.
Мал сияқты қырылып жатырмыз, ал індет тарап жатқаны туралы дабыл қағылып жатқан жоқ», — дейді Аида Ахметова.
Дінмұхаммед ата-анасымен Ахметованың сөзінше, ұлы өмірге құштар және ән салғанды ұнататын. Оны ән үйірмесіне бермек болған екен.
«Дауысы әдемі, үйде де, балабақшада да бәрі оны жақсы көретін. Әнші болуды армандайтын. Кеше анамның түсіне кіріпті. Инфекциялық ауруханаға барып, дәрігерлерге гүл сыйлауды өтініпті.
Есімізді жиған соң, солай етемін.
Бірақ қазір есімізді жия алар емеспіз, өйткені ұлымды да, келінімізді де көрсетпейді. Жабық күйде әкеледі, адамдар жұқтырып алмас үшін», — дейді ол.
«Ұлымызды қидық, көндік. Бірақ соңғы рет болсын құшып, сүйіп, қаншалықты сүйетінімзді айта алмай, жұпар иісіне құшырлана қана алмай кеткенімізге жаным ауырады. Бізде қалғаны тек тамаша естеліктер ғана. Оны қатты сүйеміз. Ол ортаның гүлі, бәрімен дос, позитивті әрі кек сақтамайтын еді.
Ол аузын ашып, менен сұрайтын еді: «Жүрегімді көріп тұрсың ба? Ол жартылай әкемдікіне, ал екінші жартысы сенікіне ұқсайды», — дейтін. Сол жүрегі инфекцияны көтере алмады. Ұлым Айжанды сүйетін, енді олар бірге.
Алла күнәләрін кешіріп, жандарына тыныштық берсін. Періштеміздің қасында болғай. Оған барлығы үшін ризамын», — дейді Аида Ахметова.