Қазығұрттағы "апатқа" қатысты аудан әкімдігі ресми жауап берді
2018 ж. 31 мамыр
4191
0
Осыған дейін "Қазақ үні" порталында Қазығұрт өңірі тұрғындарының Ашық хаты жарияланған. "Қазығұрттағы апат: ашынған халық Ашық хат жазды" атты мақалада Қазығұрт ауданында туындаған апат туралы айтылған.
Елдің атынан хат жазған академик Е. Сұлтанмұрат сол Ашы хатта ондаған жылдан бергі халықтың зары айтылған арыздарға биліктегілер бір-біріне сілтеп, мәселені шешпей жүргенін жазған болатын.
Бүгін редакция поштасына Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С. Тұрсынқұловтың ресми жауап-хаты келіп түсті. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат басқармасы аудан тұрғындарының жазған хатын жолдапты.
Әкім орынбасарының сөзінше, академик Е. Сұлтанмұрат бастаған бір топ белсендінің Ашық хатта жазған мәліметтері шындыққа жанаспайды.
"Қазақ үні" порталы еркін пікірталас алаңы ретінде әкімдік пен өзге тұрғындардың хаттарын оқырман қауымға ұсынады.