Үздік кәсіпкер мектепті үздік бітіргендердің бәріне iPhone сыйлады
2018 ж. 29 мамыр
5147
1
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында:
«Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі.
Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»-деп атап өткен болатын.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожатоғай ауылдық округінің жастары, Байтоғай елді мекенінің М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінде «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өтті.
Іс-шарада «Бижан» компаниясының президенті, Елбасының қолынан "Алтын сапа" белгісін алған белгілі кәсіпкер Хадиша Нұртайқызының (суретте) демеушілігімен мектепті үздік бітірген және пән олимпиадаларынан үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен ұстаздарға 34 дана «iPhone» ұялы телефондарын және смарт сағаттарын сыйға тарту етті.
Салтанатты іс-шарада мектеп өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға жалғасын тапты.
qazaquni.kz