Шекара қызметі шет жіберген қандасымыздың Дубайда екені анықталды
2018 ж. 04 мамыр
6095
2
Кеше ғана Мысырдан Қазақстанға келіп, Шекара қызметінің пәрменімен кері қайтарылған қандасымыз Жайнагүл Жұпарқызының жағдайына бүкіл ел алаңдаушылық білдірі отыр. Қоғам ішінде наразылық тудырған бұл мәселе "Қазақ үні" ұлттық порталының бақылауындағы басты тақырып.
Бүгін біз Мысырға қайтарылған Жайнагүлдің жағдайын білу мақсатында жолдасы Нұрсейіт Төлегенұлымен және әпкесі Айнұрмен телефон арқылы сөйлесіп жағдайды білдік. Жайнагүл біраз жанашыр жандардың араласуымен Мысырға емес Дубайға жетіп, Дубай арқылы Түркия астанасы Стамбулға ұшпақшы. Ал Түркияға жеткен-жетпегені туралы әлі хабар жоқ. Енді ҚР Сыртқы істер министрлігі, Түркиядағы елшілік қызметкерлері бұл іске араласып Жайнагүл Ғажапқызының Қазақстанға келуіне септесуін сұраймыз.
Аталмыш мәселеге қоғамдық ұйымдар, партиялар мен құзырлы органдар тарапынан назар аударылып, аяғы ауыр қазақ анасының Қазақстан азаматтығын алуына жағдай жасалса дейміз.
Бұл бір отбасының емес - бүкіл елдің мәселесі! Qazaquni.kz