Ресей азаматы 25 жыл Қазақстанда құлдықта болып, мал бағып келген
2018 ж. 15 наурыз
3172
3
Сібірде туған азамат ширек ғасыр бойы Қазақстан ауылдарының бірінде құлдықта болып, мал баққан. Геннадий Петров Қазақстанға 1990 жылдары атбасын бұрып, сол күйі із-түссіз жоғалып кеткен. Өзі құлдыққа қалай тап болғанын түсіндіріп бере алмады.
Бұл туралы Новосібірдің ОТС арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Айтуынша, белгісіз біреулер оның құжаттарын алып қойып, сарайға орналастырған. Қашуға талпынған кезде аяғының сіңірін кесіп тастапты. Ол аздай, күн батысымен оны байлап қояды екен.
Геннадийдің құлдықтан құтылуына журналистер көмектескен.
Ресейге қайтқан соң, азаматқа «Созвездие сердец» қайырымдылық қоры көмек көрсеткен. Кейін Геннадий Бийск қаласына жеткізілді. Оның әкесі де, шешесі де тірі болып шықты.
Қазақстан полициясы адамды заңсыз ұстап отыру дерегі бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.