Тентек немере әжесін 35 градус аязда балконға қамап қойды
2018 ж. 03 ақпан
6760
2
Зейнеткер минус 35 градус аязда екі жасар немересінің тентектігі салдарынан балконда қалып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жолда кетіп бара жатқан адамдар бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатының балконынан көмек сұрап жатқан дауысты естіген. Зейнеткер олардан құтқарушыларды шақыруын сұраған.
«Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің №15 өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары бөліміне 65 жастағы қарияны Пришахтинск көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде үшініші қабаттың балконына екі жасар немересінің қамап қойғаны туралы хабарлама түсті», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Екі қауіп болған - қарияны үсік шалуы және пәтердегі сорпа қайнап жатқан газ пешіне екі жасар немересі күйіп қалуы мүмкін еді. Құтқарушылар оқиға орнына барып, есікті бұзып кіріп, қарияны құтқарған. Дәрігерлер зейнеткерді қарап, үсік шалмағанын айтты.