Асқар Мырзахметов жаңа қызметке тағайындалды
2018 ж. 10 қаңтар
5001
3
Асқар Мырзахметов Елбасының жарлығымен Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
Ал президенттің Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды.
Асқар Исабекұлы ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.