Қыздарды ақша үшін шешінуге шақырған Байзақова қамауға алынды
2017 ж. 26 желтоқсан
5247
8
Instagram жұлдызына айналған Айжан Байзақованы үш күнге қамап қойды. Бүгін күндіз Айжанды Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шақырған, деп жазады Qamshy.kzақпарат агенттігі. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Алматы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 жастағы бойжеткенді кішігірім бұзақылық әрекеті бойынша шақыртқан. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде қыздардың ақшаға бола алматылық клубтардың бірінде шешініп жатқан видеосы тараған.
«Алматы тұрғыны А.С. Байзақованың ісіне қатысты 434-бап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 1-бөліміне сәйкес хаттама жасалды. Оны қоғамдық тәртіпті және этикалық нормаларды бұзу арқылы қоғамдық іс-шараны өткізгені үшін айыптады. Істің ақпараты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. А.С. Байзақованың ісі толығымен дәлелденді. Сот шешімі бойынша ол үш күнге әкімшілік қамауға алынды», - делінген Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарламасында.
Әлеуметтік желіде халықтың назарын өзіне қаратып, сынына ұшыраған Айжан Байзақова кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізген.