Жаңғыру және дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері
2017 ж. 07 желтоқсан
2376
0
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) «Жаңғыру және дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері» атты дөңгелек үстел өтті.
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, ел егемендігінің 26 жылын өлшей отырып, біз өзіміздің ұлттық жаңаруымыздың жаңа күрделі кезеңіне қадам басып отырмыз. Үшінші жаңғыру деп белгіленген бұл кезең Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіне бағытталған маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруға негізделген, - деді өз сөзінде ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.
Сарапшының сөзінше, жүзеге асырылып жатқан жаңғыру бағдарламасын еліміздің жинақтаған тәжірибесі мен халқымыздың санғасырлық тарихы арқылы бағалай өте маңызды.
- Біздің тарихымызда бұған дейін драмалық сипатқа сай келетін жаңғыру жұмыстары жүргізілген. Кеңес дәуірін еске алсақ жеткілікті. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің тарихи тәжірибеміз бен қоғамның қазіргі жағдайын терең талдауы қажет, қткен күндерде жасаған қателіктерді қайталамай, ұлттық сұраныс пен қажетілікке жауап беретін ең тиімді әрі нәтижелі жаңғыру жолын таңдау, - деді ӘЭСИ директоры.
Пікірталасқа қатысушылар Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қойған тапсырмаларды, жаңғыру жұмыстарын ары қарай жүргізу үшін қандай түйткілді мәселелерге назар аудару керектігін талқылады.
Шараға отандық сарапшылар, саясаткер-ғалымдар мен тарихшылар қатысты. Олардың қатарында: Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры; Тимур Козырев, Халықаралық түрік академиясының сарапшысы; Радик Темірғалиев, тарихшы, «Қазақтар мен Ресей» және т.б. кітаптардың авторы.