Қазақстан халық Ассамблеясына сайт жасау үшін депутаттар бюджеттен 100 млн сұрады
2017 ж. 18 қараша
2459
13
Республикалық бюджеттен сұралған бұл қаржылар алдағы үш жылда межелі жерге жұмсалуы керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін сенат депутаттары алдағы үш жылға жоспарланған бюджет қаржысын қарап, талқыға салды.
Бірақ, сенаторлар мәжілісмендер алып келген құжатты қабылдамай қойды. Сенаторларды Қазақстан халық Ассамблеясының сайтына жұмсалу үшін сұралған қаржының көлемі шошытты.
Сенат берген мәліметке қарағанда Қазақстан халық Ассамблеясының сайты сол ұйымның жұмысын, әр ұлттың мәдениеті мен әдебін, түрлі ұлттар достастығын насихаттау үшін жасалмақшы болған.
Бір сайтты іске қосуға сұралған ақшаның шығыны былай көрсетілген:
-43,8 миллион теңге 2018 жылға
-38 миллион теңге 2019 жылға
-38 миллион теңге 2020 жылға
Сенаторлар бұл ұсынысты қазірше қоя тұруды ұсынды. Сайт мәселесі 2018 жылдың бюджетін бекіту кезінде қарастырылатын болды.
Сәуір айында президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылға ҚХА көпфункционалды мультимедиалық сайт жасауды тапсырған еді.