Оралда «Рухани жаңғыру» атты музей ашылады
2017 ж. 25 қазан
3117
0
Оралда «Рухани жаңғыру» атты музей ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер өңірімізде жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Латын әліпбиін, «Туған Жер» және де бағдарламаның басқа да бағыттарын облыс тұрғындары белсенді қолдайды», - деді Алтай Күлгінов.
Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысынан Қасиетті орындар тізіміне алдымен ортағасырлық «Жайық» қалашығы мен «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені кірсе, қазір олардың саны алтауға жетті. Яғни, қосымша Тақсай қорған кешені, (б.з.д VI-V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зираты және Жымпитыдағы Алашорда музейі қосылып отыр.
«Өңірімізде жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарлануда. Өңірімізден Қасиетті Қазақстан тізіміне енген тарихи орындардың көшірмелері, латын тілінде шыққан баспасөз, Алаш мұралары және тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылуда», - деді облыс әкімі.