Депутат 76 миллион теңгеге түскі ас ішкен
2017 ж. 27 қыркүйек
3416
2
Traveler's coffee демалыс орнына жалғыз келген мемлекеттік қызметкер түскі асының есебін жаба алмағанын айтады. Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлады.
Якутия мемлекеттік жиынының депутаты Виктор Федоров бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында жариялаған. «Түскі асты төлеуге карточкамда ақша жетпей қалды»- деп жазған ол. Кейін белгілі болғандай бұл даяшының қателігінен туындаған келеңсіз жағдай болып шыққан. Даяшы қателесіп, түскі ас есебін 13 млн рубльге (76 млн теңге) есептеген. Мекеме депутаттан жазбаша түрде кешірім сұрап үлгеріпті. Өз кезегінде Виктор Федоров мекемеге де, даяршыға да ешқандай өкпесі жоқтығын жеткізді.
Виктор Федоровтың жылдық табысы 114 миллион рубль. Ол Якутиядағы ең бай шенділердің бірі болып саналады.