Білім министрлігі тіріні қойып, өлгенді де шулатты
2017 ж. 01 қыркүйек
4884
10
Білім министрлігіне талапкерлердің болашағынан көрі, өздерінің Болашақтары маңызды. Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева еш емтихан тапсырмастан «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, шетелге оқуға тайып тұрды. Сонда бұл «Болашақ» жастар үшін бе, жасы келіп, лауазымды қызметке қолы жеткен шенеуніктер үшін бе? Енді министр Сағадиевтің өзі де шетелге барып білім алып келсе болады екен. Бәлкім, сонда еліміздің білім саласы жөнге кеп қалар. Әй, қайдам бірақ… Тасты балғамен ұрдың не, балғаны таспен ұрдың не… Осындай тас-керең министрлік барда елімізге жаудың қажеті жоқ. Ел зар жылап жатқанын қайтсін академиктің баласы, бір күнде 200-ге жуық «Алтын белгі» иегерін грант тізімінен шығарып тастады. Сонда 11 жыл бойы талаптанып оқыған олардың бар кінәсі сабағын үздік оқығаны ма? Грант иегерлері тізімінде кім жоқ дейсіз? 30 неше балмен грантқа түскендер де жүр, масқара болғанда. Ол ол ма, өткенде ғана алып қашудың құрбаны болып, терезеден секіріп дүние салған бойжеткен де, ойда жоқта грант иегері атанып кеткенін көрдік. Ділмәр министр тірілерді қойып, қайтыс болғандарды да бір шулатып қояйын деген-ау шамасы. Осы министрдің қай жері алтын екенін түсінбей-ақ қойдық қой. Сонша жабысып қалатындай, елде басқа білім маманы құрып қалған ба? Министрдің басы дауға қалған сайын, үкіметке де кері әсер ғой. Қала берді Елбасының беделіне нұқсан келтіру ғой бұл. Білім саласына «на пушичный выстрел» жақындатпайтын адамды аялап ұстап отырған үкімет не болашақ ұрпаққа қиянат жасауды көздеп отыр, не болмаса шынымен түк түсінбейтін болып тұр ғой. Айтпақшы, жақында Үкімет басшысына екі Асқар орынбасар болып, енді үш Асқар болды ғой. Үкіметті «Аскарблять» етпейік. Күз келді ғой, өзгерістер басталған секілді. Бәлкім, биліктегілер ойланып, білім саласына назар бөлер.
Махамбет Ерғали, Фейсбук парақшасынан