Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
2017 ж. 28 тамыз
1762
0

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Өкімді ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі жариялады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 4 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген Өкімде.