БАСПАНА – БАСТЫ МӘСЕЛЕ
2017 ж. 28 шілде
2483
0
Қолжетімді баспананың жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының депутаты «Өскемен құс фабрикасының» мамандарымен кездесуінде айтты.
Мамандардың кейінгі сатып алу мен баспана жалдау бағдарламасы бар болғанымен, ол көпке қолжетімсіз. «Өскемен құс фабрикасының» жас мамандарын жұмыс орны қолдап, баспананы жалға алып беріп отыр. Алайда кез келген адам баспананы жалға алып қана қоймай, кейіннен өз баспанасы болғанын армандайды. Фабрика басшылығы бұл мәселені шешу үшін Қасым Қайсенов кентінде салынып жатқан жаңа пәтерлерді бастапқы жарнасын азайту арқылы өз мамандарына алып беруді көздегенімен, не «Тұрғынүй жинақ банкі», не өзге банктер келісімге келмеген екен.
– Бүгінде қаладан баспана алу үшін сенің жалақың кем дегенде 100 мың теңге болуы керек. Одан аз болса, сенде еш мүмкіндік жоқ. «Ақ жол» партиясы баспана мәселесін бірнеше рет көтеріп, бір кездері болған шағын отбасылы үйлерді салуды да ұсынды. Өкінішке орай, ғаламтор желісінде барлығы зәулім сарайда тұратындай пікір жазып, бұл жобамыз жүзеге аспай қалды. Дегенмен, қазір бұл бастамамыз қолдау тауып отыр. Себебі қалаға енді келген қаракөздеріміз табан тірейтін өзінің баспанасы болуы керек, – деді «Ақ жол» партиясының депутаты Берік Дүйсембинов. Бұл дегеніміз, жақын болашақта қыруар қаражатты қажет етпейтін, баршаға қолжетімді, қарапайым халықтың қалтасы көтеретін баспаналардың салынуы мүмкін.
qazaquni.kz