Алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді
2017 ж. 09 тамыз
2130
0
Алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еуропалық Жерорта теңізісі сейсмологиялық орталығының мәліметінше (EMSC), магнитудасы 6,3-ке тең жер сілкінісі Астана уақытымен 05.28-де Қытайдың солтүстік-батысында болған.
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың эпиценті Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырымда. Зілзаланың энергетикалық класы - 14.8, Магнитудасы - 6.8. 4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген. Қарағанды мен Өскеменде 2 балл.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген.