Шығыс Қазақстанда 400 га дала өртін сөндіру әлі жалғасуда
2017 ж. 07 тамыз
1841
1
ШҚО Күршім ауданында Құйған ауылдық округінде дала өртін жою жалғасуда, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта жалын ауыздықталды. Алайда сөндірілген жоқ. Жалпы алаңы 400 га құрайды», делінген хабарламада. Өрттің елді мекендерге қаупі жоқ, жақын ауылдар 50 шақырым жерде орналасқан. «Жетуі күрделі жерлер өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатуда. Арнайы техника өте алмайтын жерлер бар. Сондықтан өрт сөндірушілер арнайы шартылдақ және аспалы өрт сөндіргішпен сөндіруде», - деп атап өтеді хабарламада.
Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 24 адам, жергілікті атқарушы органнан 35 адам, Күршім, Үлкен Нарым орман шаруашылығынан 30 адам жұмылдырылды.
Атап өтсек, өрттің тұтануына көп жағдайда отты абайсыз қолдану себеп болады. Жыл басынан бастап ШҚО-да 500-ден астам дала өрті тіркелді.