Египеттің «Әл-Ватан» басылымы жуырда мұсылмандардың пікірінше Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген карикатура басып шығарған француздардың Charlie Hebdo журналына қарсы кампанияның жұмысын бастағанын хабарлады.
Египеттегі мұсылмандар Батысқа қарсы пародиялық комикстер жасап шығарды
2017 ж. 02 тамыз
2018
1
utro.ru хабарлағандай, «Аль-Ватан» өзінің арнайы 12 беттік санына «Карикатураның карикатурамен қақтығысы» деп аталатын 13 суретті бейнелеген. Олардың бірінде көзілдіріктің екі әйнегінде бейнеленген Нью-Йорктегі өртке оранған Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасы берілген. Суреттің астына «Батыстың ислам әлеміне көзқарасы» деп жазылған. Карикатурадан бөлек, қосымшаға египеттік зиялы саясаткерлердің ислам радикализміне қарсы жазған мақалалары жарияланған. Жарияланымдардың бірі Египеттің бас мүфтиі Әли Гомааның атынан жазылған. Газет оқырмандары бастамаға разы болып, басылым редакциясының мұндай «өркениетті жауабына» алғыс айтты.
Айта кетейік, «Әл-Ватан» елдің жаңа президенті Мохаммед Мурси мен Египетте өткен Парламент сайлауында басым дауыс жинаған «Мұсылман бауырлар» саяси қозғалысына қарсы оппозициялық бағыттағы басылым саналады.
Baq.kz