ШҚО-да төтенше жағдай: 4 адам белгісіз газдан уланып қаза тапты
2017 ж. 22 шілде
1982
1
Шығыс Қазақстанда төрт адам қайтыс болды. Ауыл тұрғындары газға уланып, есінен танып су құдығына құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алдын мәлімет бойынша, жергілікті коммуналдық мекеменің бірнеше қызметкері Үржарда сумен жабдықтау жүйесінде жоспарлы тексеру жүргізіп жатқан. Үш адам люктің қақпағын ашқан. Екі қызметкер жиналған газға уланып, шұңқырға құлап кеткен. Үшінші қызметкер көмек шақырған, көмекке екі адам келіп, жөндеу ұйымының қызметкерлеріне көмектесу үшін құдыққа түскен. Алайда олар да есінен танып қалған.
"Жер бетіндегі қызметкер жедел жәрдем мен құтқару қызметін шақырған. Біздің қызметкерлер арнайы костюмдерді киіп, төменге түсіп, төрт адамның мүрдесін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газға уланып қайтыс болған. Мұның қандай газ екені әзірше белгісіз", - деді ШҚО ТЖД өкілдері.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, төрт ер адам белгісіз газдан уланып құдыққа құлап кетіп, сондағы суға түншығып қайтыс болған. Қайтыс болғандардың жас шамасы - 23-тен 34-ке дейін.