Өзбекстанда дәретханаға түсіп кеткен телефонды алмақшы болған үш адам тұншығып өлді, деп хабарлайды Baq.kz.
Дәретханаға түсіп кеткен телефонды аламыз деп үш адам өлді
2017 ж. 17 шілде
2863
0
Өзбекстандағы жер үйлердің бірінде үш адам дәретхана шұңқырында тұншығып өлді. Қайғылы оқиға Наманган облысының Янгикурган ауданында болған.
Ұялы телефонын дәретхана тесігіне түсіріп алған әйел оны алу үшін екі ер адамды жалдаған. Шұңқырға түскен олар естерінен танып қалады. Әйел көмекке дәрігерді шақырады. Алайда дәретхана шұңқырындағы адамдарға көмекке ұмтылған ақхалаттының да жағдайы күрт нашарлап кеткен.
Екі жұмысшы да оқиға орнында көз жұмды, ал дәрігер ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Олардың үшеуі де оттегінің жетіспеуінен мерт болыпты.