Келісіп пішкен тон, келте болмас
2009 ж. 17 сәуір
4177
0
Астанада шетелдік сарапшылар бас қосты Сәуірдің 7-сі Астанада халқаралық сарапшылардың қатысуымен «Дағдарысқа қарсы саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру ісіне бизнестің қатысуы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Үкімет басшысының орнбасары С.Н. Ахметов, Парламент депутаттары сондай-ақ Қырғыз, Украина, Ресей елдерінің сарапшылары кәсіпкерлер мен экономистер т.б.қатысты. Дөңгелек үстелдің тізгінін «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А.Т. Перуашев мырза қолына алды. Жалпысы қазіргі таңда ғаламдық экономикалық дағдарыс және оның экономикаға келтірер кері әсерін болдырмау мәселесі өзекті тақырыпқа айналғаны белгілі. Сарапшылардың біздің Елімізде дағдарысқа қарсы саясаты 2007 жылдың ортасында яғни АҚШ-тың ипотекалық дағдарысының әлемдік қаржы жүйесіне әсерін тигізген кезеңнен бастау алғанын айтады . Олардың айтуынша сол уақыттан бастап Үкіметте жедел шаралар қабылданып, шағын және орта бизнесті тексеруге моратори жарияланып, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қаржылық көмектер көрсетілген. Сол сияқты Қазақстандық кәсіпкерлердің белсенді араласуымен Салық кодексінің жаңа редакциясы дайындалып қабылданған. Бұл құжат бизнеске салынатын жалпы салықтың жүктеме көлемін азайттып, ауылшаруашылық және машина жасау саласына айтарлықтай салық жеңілдіктерін әкелген. Осы сияқты Еліміздегі дағдарысқа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларына ерекше ықыласпен қараған сарапшылар өздеріне тиімді тұстарын атап көрсете отырып, ТМД елдерінің экономикалық құрылымы жағынан бір-біріне өте ұқсас екендігін айтады. Сондықтан да «келісіп пішкен тон, келте болмас» қысылтайаң заманда өзара келісілген тәжірибе қай мемелекет болмасын оң әсерін тигізері сөзсіз дейді төңіректен келген қонақтар. Осы орайда «Атамекен»Одағының» төрағасы А.Перуашев «Біз бір-бірімізбен тығыз байланыстымыз. Сондықтан қазіргідей қиындықты бірге жеңіп шығуымыз үшін өзара заңнамаларымызды жақындастыруымыз, кедендік рәсімдеулерді реттеп, ортақ нарықты жетілдіруіміз қажет»-деді. Еліміздің инновоциялық жоспарын талқылап тәжірибе алмастыруда дағдарыстың әлемдегі түрілі әдіс-тәсілдерін саралап жүрген халқаралық сарапшылардың пікірінше Қазақстандық жоба төңірекке үлгі боларлық қолайлы жоба десті. « Біз дағдарысқа қарсы күрес жобалырының оң тәжірибесін осы елден үйренбекпіз»-деп мойындағандарда болды. Бұл отырыс дағдарысты еңсеруде жеке дара жылдам қимылдаған қазақ елінің әлеумет жағдайының көршілес елдерден көш озық екендігін тағы да дәлелдеген сыңайлы. Бақытгүл Сали