Журналист ҚР Президенті сыйлығынан «бас тартты»
2017 ж. 27 маусым
3199
2
«Мен үшін Президент сыйлығын алу үлкен бақыт. Біріншіден Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, әрі «Хабар» агенттігі мен «24 KZ» ұжымына, ҚР Президентінің баспасөз қызметіне және кандидаттарды іріктеп алған беделді комиссия мүшелеріне алғысымды білдіремін. Бұл – ұжымның жетістігі. Мен телевидениенің табалдырығын осыдан 30 жыл бұрын аттадым», - деді ол.
Осы ретте тәжірибелі журналист алған сыйлығын «Мейірімділік» қайырымдылық қорына аударатынын жеткізді.
«Өздеріңіз білетіндей, бұл қорды әріптесім, журналист Аружан Саин басқарады. Елбасы өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығынан алған қаржысын осы қорға аударған болатын. Нәтижесінде 29 бала өлім аузынан құтқарылды. Оларға шұғыл түрде операция жасалды. Менің ойымша, балаларға әлі де көмек керек. Сондықтан біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуымыз керек», - деп түйіндеді сөзін Майра Әбдірахманова.