ДӘУРЕН АБАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Елордадағы «Қазмедиа» орталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықпен есептік кездесу өткізді. «Осыдан бір жыл бұрын Ел­басының тапсырмасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылып, оның алдына бірқатар міндеттер қойыл­ғаны белгілі. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа ве­домствоға ақпараттық кеңіс­тікті нығайту мен отандық масс-медианың деңгейін көтеруді, мемлекеттік ақпараттық саясат пен мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды, сонымен қатар цифрландыруды алға жылжытып, байланыс сапасын жақсартуды тапсырды», – деді кездесу барысында баяндама жасаған министр. Оның айтуынша, өз кезегінде министрлік осы мақсат-міндеттер бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанды­ғын баса айтты. «Министрлік отандық ақпарат құралдарының халық үшін тартымдылығын арттыру жұмысын да жүйелі жүргізуде. Соның ішінде мем­лекеттік те­леар­на­лар бойынша үлкен шаралар жүзеге асып, телеөнім­дердің сапасы артты. Телеарна контентінің елдегі және шетел­дегі көрермендер­дің қызығушы­лы­ғына сай келуі­не мүмкіндік берілді. Форматы өзгеріп, жаңа арнаға айналған «Хабар 24», бүгінгі күні маңызды ақпараттарды қалың көрерменге жедел әрі сапалы жеткізуде. «Ел арна» атты жаңа арна іске қосылды. Өткен жылы «Қазақстан» мен «Хабар» телеарналары 16 сериал түсірді, олардың арасында «Әке», «Анаға іңкәр жүрек», «Ақылдың кілті» сияқты сәтті жобалар бар», – деді Дәурен Абаев. Министр 2018 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірі цифрлық эфир таратуға 100 пайыз көшетінін жеткізді. Д.Абаев қазақстандықтарды «100 жаңа есім» арнайы жобасына белсене қатысуға шақырды. qazaquni.kz