Алматы облысының оқушылары "Туған елге тағзым" жобасына қатыспақ
2017 ж. 19 маусым
2784
0
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гүлназ Жетпісбайқызы мен Ақтөбе, Атырау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қайыржан Жанель мен Көңілқош Бек баспасөз мәслихатын өткізді. Онда дарынды оқушыларға арналған «Туған елге тағзым» жобасы жайлы айтылды.
«Туған елге тағзым» жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерде 2012 жылдан бастау алған. Жоба оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге арналған. Басты ерекшеліктердің бірі - Назарбаев Зияткерлік мектептептерінің оқушыларын Қазақстанның барлық жерлерін аралатып, сол елді-мекеннің тарихын, флора мен фаунасын, мұражайларын, археологиялық қазба жұмыстарын,индустриалды обьектілен таныстыруға бағытталғаны айтылды.
«Бұл жобада әр Зияткерлік мектептен 7-10 сынып аралығындағы оқушылар білім, спорт, өнер салаларында жеткен жетістіктері үшін іріктеліп алынады. Экспедициядан кейін оқушылар өмірлік тәжірибесін арттырып, зертеген қаланың, ауданның тарихын біледі. Жоба аяқталған соң, оқушылардың жазған күнделіктері мен ғылыми жобалары толықтай зерттеліп, мектеп кітапханасында сақталмақ. Оны мұғалімдер, кіші сыныптардағы оқушылар оқи алады» - деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гульназ Жетпісбайқызы.
Экспедиция жыл сайын алма-кезек екі бағытта өтеді: ғылыми және танымдылық. Жалпы осы 5 жыл көлемінде Талдықорған қаласының 159 оқушысы Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Семей, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Шымкент қалаларына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтқан. Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша 240 оқушы, 40 жауапты қызметкер бекітілгені жайлы айтылды.
Аталмыш жоба 10-19 маусым аралығында өтеді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі