Баян Есентаеваның қазақша қақпайтын құрбысы ҰЛТТЫҚ арна басшылығына келді
2017 ж. 08 маусым
19190
89
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан "Қазақстан" РТРК АҚ төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан 2050 жалпыұлттық қозғалысының" фейсбуктегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Мемлекеттік тілді білмейтін Сәтжан өзі журналист бола тұра, үнемі өзге журналистердің назарында жүреді. Есентаеваның құрбысы жалаңаш суреттерімен елді шулатқаны есімізде. Соңғы рет 88 миллионға Астанадағы үйін әлеуметтік желі арқылы сатуға шығарғаны БАҚта жазылған болатын.
Шоу-бизнеске жақын Сәтжанның Ұлттық арна жұмысына қандай үлес қоса алатынын уақыт көрсетер. Қазіргі уқаытта "Қазақстан" АҚ Сәтжаннан өзге, Гүлнұр Оразымбетова, Нұрлан Қоянбаев секілді шоу-бизнес өкілдері басшылық қызметтер атқаруда.