Қайрат Нұртастың ең адал фанаты Тбилисиде тұрады (ФОТО)
2017 ж. 23 мамыр
6320
19
Өзінің айтуынша тіпті қазақ әншісіне өлердей ғашық екен. Бұл әйелмен Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Грузияда кездейсоқ жолығып қалған екен. Өзара таныстық ел астанасы Тбилисидегі дүкендердің бірінде болды.
Біздің Қазақстаннан екенімізді білгенде ол әйел балаша қуанды.
«Қайрат Нұртастың отанынансыздар ма?»,- деп сұрады ол бір кезде. Бір бірімізге таңдана қараған құрбымыз екеуіміз бір ауыздан «Иә» деп жауап бердік. Сол сәтте-ақ әлгі әйелдің қызықты әңгімесі басталды.
- Мен Қайрат Нұртастың әндерін тыңдаймын,- деді Нина Телегаева (Ол Нижный Новгородта туса да Тбилисиде тұрады әрі сонда жұмыс істейді. Бұрын АҚШ-тың Нью-Джерси штатында 10 жыл тұрған) - Мен сол бір жас жігітке ессіз ғашықпын. Оның дауысының тембірі қандай жағымды, ән салуы қандай керемет! Ән шырқауынан ессіз күйге түсемін. Өлеңдерін күнде тыңдаймын.
- Қайрат Нұртас туралы қайдан білдіңіз?
- Ноутбуктан YouTube желісін қарап отырып кездейсоқ қазақша әнді көріп қалдым. Қыз бен жігіттің дуэті екен. Сосын қазақша әндер іздеп, ары қарай ақтарып отырып Қайрат Нұртасты көріп қалдым. Мен оның әншілігіне таң қалғаным соншалық соның әуендерімен ұйықтайтын болдым. Содан бері күнде тыңдаймын. Ал қазір менің үш жастағы кішкентай немерем келіп «Апа, Қайрат Нұртас пен Нюшаны қос» дейтінді шығарды. Өзім тіпті қазақ тілін үйрене бастадым!