Мектеп оқушысы малға жем-шөп салатын робот жобасын құрастырды
2017 ж. 08 мамыр
2286
2
Қарауылдағы Абай мектеп-гимназиясының оқушысы Мағжан Ғазиз қора-қопсыны тазалап, малға жем-шөпті өзі беретін құлтемір жасап шығарды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің айтуынша, былтыр ауданның бірқатар мектебінде робот техникасы сыныптары ашылған.
– Өткен жылы Семейдегі Шәкерім атындағы мемлекеттік университетінің басшылығы Қарауылдағы Абай мектеп-гимназиясына бес робот құрылғысын тарту етті. Қалған алты құрылғыны аудандық бюджеттің есебінен сатып алдық. Биыл аудандағы барлық мектепте робот техникасы сыныптарын ашуды жоспарлап отырмыз, - дейді Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.
Жас өнертапқыштың айтуынша, ол жасаған құлтемір мал шаруашылығына қажетті барлық шаруаны өзі атқара алады.
– Қыстың қақаған суығында ата-анам малға жемшөп беріп, қиналып жүргенін көргенде, оларға көмектескім келді. Сондықтан осындай құлтемірді жасап шығардым, - дейді Мағжан Ғазиз.