Путин – мұсылман отбасында дүниеге келген

Ресей Федерациясында тағы бір шаранаға ел президентінің құрметіне Путин есімі берілді. Шарана Дағыстан астанасы - Махачкала қаласында сәуір айының 17-і күні Ауғанстан азаматының отбасында дүниеге келген.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары баланың туу туралы куәлігін жарыса жариялап жатыр: расында, аты-жөні графасында «Путин Амануллаевич» деп жазылған.

Бірақ, фамилиясы жасырылған. Құжатты 2017 жылдың сәуір айының 25-і күні Дағыстан астанасындағы азаматтық хал актілерін тіркеу орны берген.

Айта кетейік, бұған дейін де Путиннің құрметіне есімі қойылған шарана болған. Ол - РФ азаматтығын алған тәжік отбасында дүниеге келген бала.

islam.kz