"Жақсыбековтың кезінде де мұндай болмаған" - Назарбаев Астанадағы құрылыс қоқыстары туралы
2017 ж. 21 сәуір
2473
13
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Үйлерді жаппай салуда - талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі - Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары", - деді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп.
"Қыстан кейін мұндай мәселелер болып тұрады. Біз қазір заң жүзінде реттеуді қарастырып жатырмыз, себебі өкінішке орай құрылысшылар сыртқа шығарады, шашады, ешкім мұны реттеп жатқан жоқ", - деді әкім Мемлекет басшысының шағымына.
"Ол міндетті: үй салды, жан-жағын тазалады, сонымен қатар ағаш отырғызуы керек. Ал ол болса жан-жағын жинастырмайды да. Себебі біз оны талап етпейміз. Айыппұл салып, осы үшін жауапкершілікке тарту керек. Сен қоқыс бойынша есеп бердің, ал міне қоқыс жатыр", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" кеңсесінде халықаралық көрмеге дайындық мәселесіне, сондай-ақ, ҚР Президентінің төрағалығымен Астананы дамытуға қатысты мәселелер бойынша жиын өтіп жатыр.