Жеті қыздың анасы көптен күткен ер баланы дүниеге әкелді (ФОТО)
2017 ж. 20 сәуір
3479
2
Қарағандылық ерлі-зайыпты Зәмзәгүл Мамалинова мен Думан Оспанов жеті қыздан кейін ұлды болып, қуанышқа бөленді. Ұл балаға Нұртiлеу есімі берілді. Қыздардың ең үлкені 25 жаста, ал ең кішісі екіде. Бұл туралы EKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
42 жастағы «Алтын алқа» иегері тұңғышын 18 жасында босанған. Оспановтар отбасының екі үлкен қызы жоғары білім алып, тұрмысқа шыққан. Жұмыстарын да қатар алып жүр.
Үшінші үлкен қызы медициналық колледжде грантта оқып жатыр. Кішкентай қыздары домбыра үйірмесіне қатысып, ағылшын тілін меңгеруде.
"Мен қашан да жұмыс істеп жүрдім. Себебі, онсыз болмайды. Күйеуіме қолғабыс болуға тырысудамын", - дейді Зәмзәгүл.
Зәмзәгүлдің екі жоғары білімі мен он жылдық еңбек өтілі бар. Ал күйеуі «Қарағанды Суда» шебер ретінде жұмыс істейді. Отбасы ұл баланың дүниеге келгеніне шексіз бақытты.
Бүгінде Оспановтар отбасы үш бөлмелі пәтерді жалға алып тұрады. Олар қиындықтарға мойымайтын бақытты отбасы екендерін алға тартты.