ҚР Президентінің іс басқармасында ауыс-түйістер орын алды
2017 ж. 07 сәуір
2117
1
Елбасының жарлығымен Қазақстан Президентінің іс басқарушысының бірінші орынбасары тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;
Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.