БАҚ: Автобус кондукторлары бір айдың ішінде ағылшын, испан және қытай тілдерін үйренуі тиіс
2017 ж. 01 сәуір
2571
7
Автобус кондукторлары мен жүргізушілеріне 10 маусымнан бастап қосымша міндеттер жүктеледі. Оларға ағылшын, испан және мүмкіндігінше қытай тілінің базалық деңгейін білу міндеттелмек деп хабарлайды Time.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Жолаушы тасымалымен айналысатындар бұл бастаманы іске асыру үшін қанша ақша кететінін есептеп те қойған.
Автокәсіпорын директоры Тыныс Буловтың айтуынша, бір айдың ішінде бірнеше тілді жаттап алу мүмкін емес.
«Бізге 10 мамыр, яғни көрменің өтуіне бір ай қалғанда қызметкерлерді тестілеуден өткізетінін айтты. Ал егер тестілеуден тиісінше өте алмай қалса, онда автобус бағыттары бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындарға жаңа тендерлер жарияламақ. Жарайды, ағылшын тілін кеңіне таралған. Бірақ қытай тілін қызметкерлерге бір айда үйренуге қалай мәжбүрлемекпін», - деді «Время» басылымына берген сұхбатында ол.
Ал шенеуніктер болса, олардың уәждерін тыңдамақ емес. Автожол басқармасының маманы Койше Тормозилов оларға мынадай жауап айтты:
«Ешкімді қытай тілінде өлең шығаруды міндеттеп жатқан жоқпыз. Ни хау деген сөздің «сәлеметсіз бе?» деген сөз екенін барлығы біледі. Риао дуо шао квиан – «билет құны қанша?» деген сөз. Мен оп-оңай жаттап алдым. Ал испан тілін үйрену мүлдем оңай. Маған сеніңіз.
Біз арнайы кітапшалар таратып береміз. Онда барлық негізгі сөздер жазылған. Аялдамаларды хабарлау үшін, қаладағы көрікті ерлер туралы айтуға қажет сөздердің барлығы бар. Біздің автобус жүргізушілері онсыз да екітілді. Ал үшінші тілді оқып-үйрену олар үшін проблема емес. Олар жай ғана ерініп отыр», - деді ол.
"Время" басылымының материалдарын көшіріп басу кезінде басылымға гиперсілтеме жасау міндетті.
Мақала авторы: Сергей Тохталов