Астанада шенеунік жалған құжаттар арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалған
2017 ж. 17 наурыз
2704
1
Астанада көлік жолдары басқармасының басшысы тестілеуден өткені туралы жалған сертификат көрсету арқылы мемлекеттік қызметке қабылданған.
Бұл туралы КазТАГ-қа сілтеме жасап "Қазақ Үні" ұлттық порталы хабарлайды.
ҚР мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың айтуынша, Астана қаласы көлік жолдары басқармасының басшысы мемлекеттік қызметке жалған сертификат арқылы тұрған. Мұндай оқиға Маңғыстау облысында да орын алыпты. Аталмыш өңірде шенеунік жалған дипломмен қызметке тағайындалған болатын.
Шенеуніктерға қатысты заң бұзушылықтар 1 ақпанда басталған "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау барысында анықталған.
Аттестация шілденің 1-не дейін жалғасады.