Қарағанды облысының бұрынғы басшысы Есеп комитетін басқаратын болды
2017 ж. 14 наурыз
1812
0
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басышысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының ;арлығымен Нұрмұхамбет Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысының әкімі болып Ерлан Қошанов тағайындалған болатын.