Шығыс Қазақстанда мас аула сыпырушысы әкімді боқтап тастады
2017 ж. 09 наурыз
3026
2
ШҚО Самар ауылдық округінде мас аула сыпырушысы өзіне ескерту айтқан әкімге дөрекі жауап қайтарды. Бұл туралы NUR.KZ порталына сілтеме жасап Қазақ үні ұлттық порталы хабарлайды.
Аула сыпырушысының мас екенін байқаған әкім оның үйіне қайтуын талап етіп, айдың соңында жұмыстан қуылатынын ескертіпті.
Оған жауап ретінде, мас ер адам оны "ҮШ ӘРІПКЕ жіберген". Әкім полиция шақыртты.
Медициналық сараптама кезінде аула сыпырушысы полиция капитанын да боқтап, сөз соңында оны "әкімдіктің шұлығы" деп атады.
Билік өкілін балағаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде ер адам 100 сағат қоғамдық жұмысқа салынатын болды.