Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдады
2017 ж. 06 наурыз
1820
4
Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған.
Еске салайық, 3 наурызда Қазақстан Парламентінің біріккен отырысындағы дауыс беру қорытындысы бойынша парламент депутаттарының басым даусымен "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы ҚР Заңы жобасын бірінші оқылымда мақұлданған еді.