Миллиардер қызын тұрмысқа шығуға көндірген жігітке 180,000,000$ беретінін хабарлады

Cheuk Nang Holdings Ltd. иесі миллиардер Сесил Чао қызын өзіне тұрмысқа шығуға көндірген кез-келген жігітке қомақты қаржы беруге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Қамшы порталы dailystory сайтына сілтеме жасап.

image

Себебі Джиджи 10 жылдан астам уақыт Шон Ив есімді қызбен кездесіп жүрген екен. Әкесі қызының отбасын құрып, балалы болғанын қалайды. Сол үшін қыздың жүрегін жаулай алған жігітке бастапқы кезде 40 млн. АҚШ долларын ұсынды. Алайда 20 мың сәтсіз ұсыныстан кейін ол сомманы 180 миллионға дейін көтерді. Сесил қызын дұрыс жолға түсіретін жігіт табылатынына сенімді.

«Мен қызымның жеке өміріне араласқым келмейді. Бірақ оның берік отбасын құрып, ана бақытын сезінгенін қалаймын. Сонымен қатар, менің ісімді жалғастырса екен деген әкелік тілегім бар» дейді гонконгтық миллиардер журналистерге берген сұхбатында.

Джиджи өзіне ақша үшін үйленгісі келетін жігіттерге тұрмысқа шыққысы жоқ екенін айтқан.