Қаржы полициясының бұрынғы басшысы 14 жылға сотталып кетті
2017 ж. 22 ақпан
2044
0
Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа қатысты үкім шықты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу калониясында өтейтін болды деп хабарлайды NUR.KZ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Аманбаев өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 2 наурызында Алматы қаласында генерал-майор Әмірхан Аманбаев жалған кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікпен ұсталған болатын. 13 мамыр күні ол "үй қамағына" ауыстырылды.
Экс-басшы өзінің сыбайластарымен бірге қаржы полициясының қызметкерлері арқылы 2012-2014 жылдары 20 кәсіпорын ашып, 14 миллиард көлемінде шығын келтірген.