Тәжікстанда 1 наурыздан бастап студенттер мен ұстаздар ұлттық киіммен жүруі тиіс
2017 ж. 06 ақпан
7922
3
1 наурыздан бастап Наурыз мерекесіне дейін Тәжікстандағы жоғарғы оқу орнының студенттері сабаққа ұлттық киіммен келуі керек. Тәжікстанның білім және ғылым министрлігінің жазбаша нұсқауы бойынша, ұлттық киімді жоғары оқу орындары мен мектептегі ұстаздар қауымы да киюі тиіс.
Бұл туралы Centralasian.org хабарлайды.
Министрліктің баспасөз хатшысы Эхсони Хушвакттың айтуынша, наурыз айында тәжік қыздары атлас пен адрастан тігілген ұлттық киім мен кесте басылған чакан киеді. Наурыз мерекесі кезінде де олар мерекелік киіммен жүреді.
Ресми нұсқауда "тәжік халқының ежелгі дәстүрін қайта жандандыру" мақсатында осындай шешім қабылданғаны айтылған. Наурыз мерекесі Тәжікстанда 21-24 наурыз аралығында атап өтіледі.
Душанбедегі жоғарғы оқу орнындағылар осындай нұсқау алғандарын растады. Бұған дейін Наурыз мерекесі кезінде қыздарға ұлттық киім киіп келу туралы кеңес берілетін, бірақ ол кезде ресми нұсқау берілмейтін.