Астанада бюджеттің 4 миллиард теңгесіне зират салынып жатыр
2017 ж. 03 ақпан
6791
1
Астанада бюджеттің 4 миллиард теңгесіне мұсылмандар мен христиандар үшін зират салынып жатыр. Өйткені, бас қалада өлілерді көметін жер қалмаған деп хабарлайды КТК арнасы.
Ол үшін Көкшетауға шығатын айналма жолдың жанынан 460 гектар жер бөлінген. Молада мұсылмандар мен христиандарға бөлек-бөлек орын беріліпті. Бейітке апарар жол да салынып қойған. Ал марқұмдарды жерлеу осы айда басталмақ.
Кейін қоштасу рәсімдерін өткізетін арнайы ғимараттар, жерлеуге қажетті заттар мен гүл сататын дүкендерге дейін салынбақшы. Ол үшін қалалық бюджеттен 2 милиард бөлініп қойған. Қалғаны 2 миллиард теңге кезең-кезеңімен жұмсалмақшы.
"Әзірге жерлеуге бөлінген жердің тек 120 гектарын пайдаланып жатырмыз. Ол шамамен 13 жылға дейін жетуі тиіс. Кейін бұл жерге инвесторлардың көмегімен мешіт пен шіркеу салу жоспарланып отыр", - дейді Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Александр Терещенко.