Танымал журналист өз тілінде сөйлемейтіндерді хайуанға теңеді
2017 ж. 30 қаңтар
5303
22
"Қай тілде сөйлесем де өзім білемін дейтін қазақтар Елбасының саясатына қарсы шыққандар. Себебі, Елбасының өзі "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген!"
Отандық журналист Асхат Садырбай "қай тілде сөйлесем де өз еркім" дейтіндерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
Сонымен бірге, ол әлемнің кез-келген дамыған немесе дамушы мемлекетіне бара қалсаңыз жергілікті xалық өзінің мемлекеттік тілінде сөйлейтінін тілге тиек етті.
"Кім ақылды, кім ақымақ? Әрине бізге оларға жету қайда?! Алайда оларға жету үшін де алдымен ұлт, одан кейін мемлекет өзінің ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын, xалық санын, экономикасын, саяси ұстанымын дұрыс жүйеге қойып дамыту керек емес пе?", - деді ол.
"Мың жерден біреудің ана тілінде сөйлегеніңмен сен олардың xалқы бола алмайсың. Оларға сен де сенің ана тіліңнің де керегі жоқ. Ит неге мияуламайды, мысық неге үрмейді? Өйткені xайуан екеш xайуан да өз ана тілінде сөйлейді. Ал, қай тілде сөйлесем де өзім білемін дейтін қазақтар Елбасының саясатына қарсы шыққандар деп санаймын. Себебі Елбасының өзі "қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген", - деп наразы болды журналист.
Естеріңізге салсақ, танымал актер Әнуар Нұрпейісов ана тілін білмейтіндерді "шалақазақ" деп атауға қарсы шыққан болатын. Сонымен бірге, ол қай тілде сөйлеуді өзіне үйретпеуді сұрап, елдің ашуына тиген еді.