Ақтөбеде «Ағайынды төртеудің» жетекшісі изоляторда өзін-өзі сабаған
2017 ж. 28 қаңтар
2473
0
Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты қылмыстық топты басқарды деген күдікпен ұсталған Еркін Ізбасардың ауруханаға қалай түскені белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.
Еркін Ізбасар Ақтөбедегі темір жол ауруханасында бір айдан бері ем алып жатыр. Оның палатасына дәрігерден басқа ешкімді жолатпайды. Мекеме басшылары да оның жағдайына қатысты жұмған ауыздарын ашпай отыр.
Ал істі тергеп жатқандар Ізбасардың абақтыда өзін-өзі жұдырықтап, басын темір керуеттің жақтауына соққанын айтады. Дәлелдері де бар екен.
Өйткені бұл қылығын бейнетаспаға түсіріп алған. «Ағайынды төртеудің» серкесі желтоқсанның басында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты басқарды деген күдікпен қамалған еді. 16 сыбайласы да істі болып жатыр. Араларында тіпті құзырлы орган басшылары да бар.