Қарағанды облысы, Шахан кентінде болған апаттың салдарынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды. Әзірге 9 адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.
1 қаңтар күні төтенше жағдай орнында кезекші болған жедел жәрдем қызметкерлерінің мәлімдеуінше қаза тапқандар:
1988, 1953 жылғы әйелдер;
1981, 1960 және 1957 жылғы ер адамдар;
2016 жылы дүниеге келген екі қыз бала, олардың біреуі шамамен алты айлық болған;
2010 жылғы бүлдіршін.
Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні Қарағанды облысында көпқабатты үйдің бір бөлігі құлап түсті. ІІМ ТЖК алдымен екі адам қаза тапты деп мәлімдеп, кейін қайтыс болғандар саны тоғызға жеткенін хабарлады. Сондай-ақ, апаттан әзірге бір адам аман қалған.