Дәурен АБАЕВ - Тәуелсіздік алғалы Мемлекеттік тіліміз төрге озды
2016 ж. 16 желтоқсан
3198
5
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктағы парақшасында Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Ардақты ағайын!
Баршаңызды ұлы мереке - Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт. Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық. Осының бәрі - ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы» делінген құттықтауда.
Одан бөлек министр: «Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін! XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!» деген ізгі тілегін білдірді.