Алматыда белгісіз біреулер Қытайлық кәсіпкерді сабап кетті (ФОТО)
2016 ж. 13 желтоқсан
3098
2
Өткен демалыс күндері Алматыда қытайлық бизнесменге шабуыл жасалған екен. Белгісіз біреулер Линь Вэйцзи деген Қытай азаматын өлтіріп кетпек болыпты.
Бұл туралы Линь Вэйцзидің өзі басқаратын «Маолин» ЖШС-і Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне хабарлапты.
10 желтоқсанда түнгі сағат 1:40 шамасында белгісіз үш адам фабриканың шатыры арқылы компанияның жатақханасына ұрланып кіріпті. Алдымен шопырды соққыға жығып, байлап-матап тастапты.
Бұл шуды естіген бас директор Ли Вэйцзи екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп, бетіне маска киген ер адамның ғимарат ішіндегі мүлікті сыртқа тасып бара жатқанын көріпті. Вэйцзи ұрыны тоқтатпақ болған, бірақ өзі соққыға жығылыпты.
Ұрылардың үшеуі де қытайлық бизнесменді сабауға кіріскен екен. Компанияның күзетшілері жетіп келгенде қарақшылар ештеңе алып үлгерместен қашып кетіпті. Вэйцзи оңбай таяқ жеп, қазір ол ауруханада емделіп жатыр екен.