Стамбулдағы теракт салдарынан 29 адам қайтыс болды (ФОТО)
2016 ж. 11 желтоқсан
2587
0
Ыстамбұлдың орталығы Бешикташ ауданындағы стадионның маңында екі бірдей жойқын жарылыс болды деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап 24.kz.
Оның бірін жанкешті жасаған. Белгілі болғандай, футболдан жергілікті «Бешикташ» пен «Бурсаспор» командаларының кездесуінде қоғамдық тәртіпті қадағалаған арнайы жасақ автобусының жанында бомба орнатылған көлік жарылған.
Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың айтуынша, лаңкестік шабуылдан 29 адам қаза тапқан. Олардың 27-сі полицейлер. Ал жараланғандардың саны 166-ға жетті.
Түркияның көлік министрі мұны теракт деп атады.
"Халқымыздың басына түскен қайғысына ортақпын. Екі бірдей жарылыс болды. Оның бірі стадионның тура алдында – «Сюзер Плазаның» жанындағы «Белештепеде» және екіншісі «Мачка Паркте» тіркелді. «Мачка Парктегі» жарылысты жанкешті ұйымдастырғаны жөнінде ақпаратымыз бар", - дейді Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу.