Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті
2016 ж. 05 желтоқсан
2983
4
«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен мәжілістегі үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерді сынға алды, деп хабарлайды Вaq.kz.
Депутат сонымен қатар отандық теле-радиодағы қазақ тілінің үлесіне көңілі толмайтынын жеткізді.
«Мемлекеттік тілдің жағдайы әлі де мәз емес. «Айта-айта қасқырдан да ұят болды» дегендей, осы мәселе әбден жауыр болды. Халық көретін прайм-тайм уақыттарда түрік, кәріс, үнді сериалдары көрсетіледі. Ал радионы музыкалық бағдарламалар жаулап алған. Мысалы, Францияда америкалық өнімдерді телеарналарда, кинопарктерде көрсетуге квота берілген. Бізге де осындай бір талап қажет шығар», - дейді мәжіліс депутаты.