Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін
2016 ж. 18 қараша
2245
1
Қазақстанда салафизмге заңмен тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды 31 арна.
Заңда діни сенім бостандығы болғанымен, мемлекет «салафизм» мен жат ағымдарды бетімен жіберіп жатқан жоқ. Имамдар мен теологтардың ағымға ашық қарсылығынан кейін жұрт арасында насихат жүргізу жеңілдепті.
Қазір дін министрлігі жат ағымға әуес жастарға салафизмнің кесірін түсіндіріп жатқан көрінеді.
Астанада өтіп жатқан дінтанушылар съезінде сөз алған министр Нұрлан Ермекбаев түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шаралары нәтиже бермесе жат ағымды сотпен шектейміз деді.